Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Жұмысшы мамандықтар жылына арналған музей қорынан кескіндеме жұмыстарының «Біз таңдаған жол» атты көрме

18.04.2025
Жұмысшы мамандықтар жылына арналған музей қорынан кескіндеме жұмыстарының «Біз таңдаған жол» атты көрме
2025 жылдың 18 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері залында музей қорындағы кескіндеме жұмыстарынан Қазақстандағы жұмысшы мамандықтары жылына арналған «Біз таңдаған жол» атты көрме ашылды. Көрмеде адамдардың күнделікті жұмыс өмірін, сондай-ақ олардың таңдаған мамандықтарына байланысты жеке тәжірибелері мен талпыныстарын бейнелейтін өнер туындылары ұсынылған. Көрмеге қойылған жұмыстар ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ауқымды экономикалық және әлеуметтік өзгерістер кезеңінде жасалған. Бұл уақыт ел тарихындағы бетбұрысты кезең болды: қала мен ауылдың келбеті өзгерді, жаңа салалар дамыды, бұрын ойға да келмеген кәсіптер пайда болды. Ұсынылған жұмыстардың көпшілігі көркемдік іссапарлар аясында жазылған – суретшілер кеңшарларға, кенттерге, өнеркәсіптік кәсіпорындарға барып, өз заманының нағыз батырлары – тракторшылар, комбайншылар, сауыншылар, шопандар, бақташылардың және көптеген басқа да мамандық иелерінің бейнесін кенеп бетіне түсірілген. Музей қонақтары көркем бейнелер арқылы ел тарихында шешуші рөл атқарған мамандықтарды тереңірек танып қана қоймай, өз жолын таңдау, әр адамның өміріндегі еңбектің маңыздылығы туралы ойлануға мүмкіндік алады.