Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай мұражай қызметкерлері ОКЖ-мен бірлесіп Жітіқара политехникалық колледжінің студенттері үшін «Тарихи Отанымызды сақтайық» атты өлкетану кешін өткізді. Оқушылар тарих пен қызықты фактілер, қаланың қалыптасуы мен дамуы туралы білді, қаламыздағы әрбір көше кімнің есімімен аталатынын, оның көрікті жерлері туралы білді және викторинаға қуана қатысты.