2024 жылдың 17 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық және мәдени білім беру жұмыстары бөлімінің экскурсия жетекшісі Мұханбетқали Қостанай ауданы білім бөлімінің А.Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектебінің 7 «Ә» сынып оқушыларына Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған «Қостанай облысының киелі жерлері» атты ақпараттық сағатын өткізді.
Ақпараттық сағат барысында оқушылар Қостанай облысының киелі жерлері жайында мағлұматтар алып, тақырып бойынша түрлі тапсырмаларды орындады. Іс-шара соңында музей қызметкері оқушыларға естелік сыйлықтар табыстады.