2025 жылдың 16 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Дина Молдашова «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, журналист, аудармашы, майдангер Сырбай Мәуленовтың өмірімен шығармашылығы жайлы әңгімеледі. Телеарна көрермендеріне музей қорынан алынған С. Мәуленовтың фото-құжаттары көрсетілді.