2025 жылғы 18 сәуірде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде
ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай – руханияттың алтын қазығы» атты әдеби-поэзиялық кеш өтті.
Іс-шараға ақын, жазушы, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры А.Қ.Шаяхмет, филология ғылымдарының магистрі Ш.И.Төлегенова, «QAZBILIM» ұлттық лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары С. Бақытұлы қатысты.
«Абай – дара тұлға, дана тұлға» көшпелі көрмесі мен музей қорынан Абай мүсіндері қойылды.
Іс-шара барысында қонақтар Абай Құнанбайұлының өмірі және шығармашылығымен танысты. «QAZBILIM» ұлттық лицейінің оқушылары «Ғылым таппай мақтанба», «Қалың елім қазағым, қайран жұртым», «Интернатта оқып жүр» және т.б. өлеңдерін оқыды. Абай шығармашылығы бойынша «Абай әндері» фильмінен үзінді көрсетілді. «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңі, «Желсіз түнде жарық ай» әні мен «Торы жорға» күйі орындалды.