Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Кетбұқа жыраудың «Ақсақ құлан» күйін шығарғанына 800 жыл толуына орай «Кетбұқа бабамыздың тарихи рөлі мен мұрасы» тақырыбында музей сабағы

26.02.2026
Кетбұқа жыраудың «Ақсақ құлан» күйін шығарғанына 800 жыл толуына орай «Кетбұқа бабамыздың тарихи рөлі мен мұрасы» тақырыбында музей сабағы
26 ақпан күні музей қызметкері Дина Молдашова Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 28 мектеп-гимназиясы» КММ-нің 7-сынып оқушыларына атақты Кетбұқа жыраудың «Ақсақ құлан» күйін шығарғанына 800 жыл толуына орай «Кетбұқа бабамыздың тарихи рөлі мен мұрасы» тақырыбында музей сабағын өткізді. Сабақ барысында күй желісі бойынша тұсаукесер көрсетіліп, музей қорынан Желеу Жұмабековтің «Ақсақ құлан» мультипликациялық фильміне салынған үш иллюстрациялық туындыларын (1969 ж.) көрсетті.