Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

2026 жылдың 27 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде ақын, журналист, композитор Есетов Ехсан Есетұлын еске алуға арналған «Жарқын бейне» атты әдеби-сазды кеш өтті

27.02.2026
2026 жылдың 27 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде ақын, журналист, композитор Есетов Ехсан Есетұлын еске алуға арналған «Жарқын бейне» атты әдеби-сазды кеш өтті
Іс-шараға ақын-жазушылар, өлкетанушылар, ақынның ұрпақтары, мәдениет саласының қызметкерлері, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай педагогикалық институтының студенттері қатысты. Әдеби-музыкалық кеш барысында шақырылған қонақтар Ехсан Есетұлы туралы естеліктермен бөлісіп, оның «Бауыр аға», «Ұмытпан» әндері орындалды. Сондай-ақ Е.Есетовтің жеке жиынтығынан көрме ұсынылды.