2026 жылдың 25 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Айсұлу Қабдрахманова «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында музей қорындағы қазақ халқының ер адамдары киген ұлттық сырт киімдер – ішік, сеңсең тон, парша шапан, сондай-ақ кісе белбеу жайлы мағлұмат берді. Көрермендерге музей қорынан ақын, әнші, композитор Қанапия Басықараұлының (1840-1917) шапаны көрсетілді. Сонымен қатар ұлттық киімдердің фотосуреттері ұсынылды.