Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Бір ел тарихы» - Қазақстан Республикасы күніне арналған музейлік дәріс

23.10.2025
Бір ел тарихы» - Қазақстан Республикасы күніне арналған музейлік дәріс
Қазақстан Республикасы күніне орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызмектері Мұханбетқали Т.З. Қостанай Қостанай ауданы білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8 «А» сынып оқушыларына «Бір ел тарихы» атты музейлік дәріс өткізді. Дәріс оқушыларға Қазақстанның егемендігін жариялаған және республиканың тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін айқындаған Декларацияның қабылдану барысы, сондай-ақ елдің аумақтық тұтастығының бекітілуі, тіл мен мәдениеттің қайта жаңғыруы жайлы айтылды. Латын тілінен аударғанда «ортақ іс» деген мағынаны білдіретін «республика» сөзінің маңызы ашылып, бұл мерекенің Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін, сондай-ақ еліміздің әлемдік қоғамдастықтағы беделді орнын бейнелейтіні атап өтілді. Дәріс жас ұрпақтың Отан тарихына құрметпен қарауға және мемлекеттік құндылықтарды ұлықтауға бағытталды.