2025 жылдың 22 қазанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Дина Молдашова «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР халық артисі, Социалистік Еңбек Ері Серәлі Қожамқұловтың өмір жолы жайлы әңгімеледі. Көрермендерге музей қорынан алынған фотоматериалдары, құжаттары және жеке заттары көрсетілді.