Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде жаңа дәріс бекітілді

28.10.2025
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде  жаңа дәріс бекітілді
2025 жылғы 28 қазан күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысында «Табиғат, қоршаған ортаны қорғау» тақырыбы бойынша кітап қорына шолу жасау және оны көрме жұмыстарында пайдалану бойынша ақпараттық шолу өткізіліп, сонымен қатар «Театр және кино актері Қапан Бадыровтың шығармашылық жолы» атты жаңа музей дәрісі бекітілді.

Аталған дәрістерді енгізу музейдің аймақтық өлкетану және экология тақырыптарын тереңірек ашуына, сондай-ақ облыстың мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді. Жаңа лекциялардың негізгі аудиториясы – мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері болады.