Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Жаңа жылдық ойыншықтар» атты шеберлік сабағы

25.12.2025
«Жаңа жылдық ойыншықтар» атты шеберлік сабағы
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері No19 жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін «Жаңа жылдық ойыншықтар» атты шеберлік сабағын өткізді. Шара барысында мектеп оқушылары нүктелік кескіндеме техникасын үйреніп, сәндік тәсілдердің негізгі әдістерін меңгерді. Шеберлік сабақтың практикалық бөлімі келе жатқан Жаңа жылдың символы - жылқы пішініндегі шере негізін әшекейлеуге арналды. Қатысушылар өздерінің қиялдары мен көркемдік қабілеттерін көрсете отырып, үлкен қызығушылықпен және шығармашылық ынтамен жарқын жаңа жылдық ойыншықтар жасады.