2025 жылдың 24 желтоқсанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Қабдрахманова Айсұлу «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында музей қорындағы 1950-1960 жылдарға жататын жаңа жылдық шырша ойыншықтарымен таныстырды. Көрермендерге жаңа жыл қарсаңында шырша ойыншықтарының тарихы, жасалу жолы жайлы айтып өтті.







