Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Сарқылмас шабыт» - Г. Соковтың 85 жылдығына арналған көрме

28.01.2026
«Сарқылмас шабыт» - Г. Соковтың 85 жылдығына арналған көрме
2026 жылдың 8 қаңтарында Л. Русин атындағы балалар көркемсурет мектебінде музейдің қор жиынтығынан Г. Соковтың 85 жылдығына арналған «Сарқылмас шабыт» атты көрме ашылды. Көрмеде суретшінің «Бұрынғы Қостанай» және «Түнгі Қостанай» топтамаларынан алынған жұмыстары ұсынылды. Георгий Соковтың жұмыстары жанр, орындалу техникасы және тақырыптық жағынан алуан түрлі, философиялық ой тереңдігімен, асқан шеберлігімен таң қалдырады. Ол өмірді бақылау және нәзік қабылдау қабілетімен, туған жерге деген асқан қамқорлығы мен құрметінің, түстерді тамаша сезінуі және кескіндеме тәсілдерінің серпінділігінің арқасында жерлестерінің шынайы құрметіне бөленіп, Қазақстан шекарасынан тыс жерлердегі өнерді бағалай білетін мамандардан лайықты бағасын алды. Георгий Соков - Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қостанай облысы әкімінің «Мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты және Меценаттар клубының «Қазына» номинациясы сыйлығының лауреаты атанды. Оның жұмыстары Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде, Астана, Павлодар, Петропавл, Троицк және Қостанай музейлерінде, сондай-ақ жеке коллекцияларда сақталған.