2026 жылдың 28 қаңтарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Дина Молдашова «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қайраткері Асқар Закариннің өмір жолы жайлы әңгімеледі. Әңгіме барысында телеарна көрермендеріне музей қорындағы А.Закариннің фотосуреттері көрсетілді.