Бүгін «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында музейдің экскурсиялық және мәдени-білім беру жұмыстары бөлімінің экскурсия жетекшісі Мұханбетқали Т.З. «Алау» телеарнасының көрермендеріне музей қорындағы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына қатысты жәдігерлер жайлы баяндап берді.
«Алау» телеарнасы көрермендерінің назарына музей қорындағы Қазақстан суретшісі О. Құсманбектің кескіндеме жанрындағы А. Байтұрсынұлының портреті, қостанайлық суретші Георгий Соковтың «Ахмет Байтұрсынұлы жұбайы Бадрисафамен» картинасы, А. Байтұрсынұлының 1926 жылы Қызылордада басылған суретті жаңа әліппесінің қайта басылған көшірмесі мен А. Байтұрсынұлының отбасына қатысты кісен ұсынылды.