2025 жылғы 12 қыркүйек күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында астаналық суретші Рейхан Айтуарованың «Шынайылық қырлары» атты дербес көрмесі ашылды.
Музейге келушілер назарына автор Р.Айтуарованың 39 кескіндеме жұмыстары ұсынылды.
Рейхан Айтуарова - бейнелеу өнеріндегі жас суретшілердің бірі. Астана қаласындағы жас суретшілер бірлестігінің, халықаралық халықтық дипломатия қауымдастығының, «Азияның шығармашылық Богемиясы» бірлестігінің мүшесі.
Көрмеге Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі жыл сайын өткізетін Республикалық «Жас толқын» байқауында жүлделі орындарға ие болған «Өнер - білім бар жұрттар» - 2021 жылы 2-орын, «Ағартушы» - 2022 жылы 1-орын және 2023 жылы бас жүлде алған «Даналық көзі» картиналары да қойылды.
Көрме аясында залда суретші Р.Айтуарова музейге келушілерге кескіндемеден шеберлік сабағын өткізді.
«Шынайылық қырлары» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.