Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Бір шаңырақ астында» – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған этнографиялық мереке

29.04.2026
«Бір шаңырақ астында» – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған этнографиялық мереке
1 мамыр күні Қазақстан ең мейірімді әрі жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл мереке елімізде тұратын 150-ден астам ұлт пен ұлыстың бейбіт, тату өмір сүруі үшін аса маңызды құндылықтар – достық, түсіністік және келісімді дәріптейді. Әрбір этнос өзінше бірегей болғанымен, Қазақстан жерінде олар біртұтас, ынтымағы жарасқан халық ретінде өмір сүреді. Бүгін, мереке қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Қостанай қаласындағы №19 жалпы білім беретін мектептің оқушылары үшін «Бір шаңырақ астында» атты этнографиялық жобаны ұйымдастырды. Іс-шараға «Раздолица» славян және казак әндерінің халық ансамблінің солисі Вильдянов Радик Милыхатович және «Sezim» би студиясының бишілері қатысты. Мерекелік бағдарлама Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерімен таныстыруды, сондай-ақ ән, би және интерактивті конкурстарды қамтыды.