Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қазақстан археологиялық басылымдарының тұсаукесері

22.04.2026
Қазақстан археологиялық басылымдарының тұсаукесері
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің жиынтығынан «Қазақстанның археологиялық жиынтығы. III том» және А.В. Логвин мен И.В. Шевнинаның «Торғай неолиті», «Бестамақ қорымы» монографиялары ғылыми басылымдарының тұсаукесері 2026 жылғы 22 сәуірде А.Х. Марғұлан атындағы Археология институты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми археологиялық конференциясы - «Ахинжанов оқулары - 2026» аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ базасында облыс аумағында ұзақ жылдар бойы жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша үш басылымның тұсаукесерін өткізді. Бірегей артефактілер каталогы «Қазақстанның археологиялық коллекциясы. III том. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті қорларынан». Сондай-ақ Торғай археологиялық экспедициясының ғалым-археологтары А.В. Логвин мен И.В. Шевнинаның «Торғай неолиті», «Бестамақ қорымы» ғылыми монографиялары жарық көрді. Каталогта Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің қорларындағы материалдар коллекциясы ұсынылған. Онда тас дәуірінен орта ғасырға дейінгі кезеңге жататын 184 зат жарияланған. Бұл жәдігерлер қатарында қарапайым олжалармен қатар бірегей, сирек кездесетін артефактілер де бар. Басылымдарда авторлар жүргізген көпжылдық қазба жұмыстары мен зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Іс-шара соңында ғылыми еңбектердің авторлары өз монографияларын музейге сыйға тартты.