Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Бірінші земство ауруханасының ғимараты, Ұлы Отан соғысы жылдарында № 3597 госпиталь

ХХ ғасырдың басындағы азаматтық сәулет үлгісі. Жанында тұрған бір қабатты кірпіш ғимаратпен үйлесімді ұштасады. Ғимарат ХХ ғасырдың басына тән эклектикалық стильде модерн элементтерімен салынған. 

ҚР ОММ материалдарына сәйкес "Қостанай земство ауруханасының ғимараты, ішкі әрлеусіз 1912 жылы желтоқсанда салынған болатын. Құрылысы қоғамдық жұмыстарға үкіметтік көмек қаражатының жетіспеушілігінен тоқтатылды, дегенмен "қомақты капитал" жұмсалды. Амбулатория, аурухана және қызметтер  ғимаратының құрылысын аяқтауға Торғай губернаторы қосымша 19536 сом бөлді". 1913 жылдың басында земство ауруханасының құрылысы аяқталды.

Ұлы Отан соғысы жылдары В.И. Ленин атындағы  аурухана  ғимаратында жаралы жауынгерлерді емдейтін (1924 жылдан бастап солай аталды) № 3597 әскери госпиталь орналасты. Ленин ауруханасы 1958 жылға дейін қалалық және облыстық аурухана қызметтерін атқарды. ХХ ғасырдың 60-70-ші жылдары ескі ғимаратта ЛОР-бөлімшесі мен дәріхана болды. Қазіргі уақытта көне ғимарат аурухана қажеттіліктері үшін пайдаланылмайды. Ғимаратта түрлі қоғамдық ұйымдар орналасқан.

Ескерткіш сипаттамасы

 

Ескерткіш мерзімі: 1913 жыл  

Орналасқан жері: Қостанай қаласы, 1 Мамыр көшесі,151 «А»

Ғимарат 1 Мамыр көшесі 151 «А» мекенжайында орналасқан. Іргетасы кесек тастан қаланып, кірпіштен тұрғызылған тікбұрышты ғимарат. Солтүстік қасбеті ассиметриялы шығыңқы екі қабатты ғимарат. Ғимараттың кіре берісі солтүстік қасбетте сәулетті безендірілген. 

Бірінші және екінші қабаттардағы терезелердің арасынан периметрі бойынша екі қатарлы тік босатпа өтеді. 

Жоспарлаудағы ассиметриялық, жиекқабырға пішінінің өзгеруі модерн стиліндегі сәулет элементтерінің ішінара қолданылғандығын көрсетеді. 

Жоспардағы мөлшері - 23 х 13 м.  Ғимараттың биіктігі – 9,5 м. Құрылыс көлемі - 2960 м3