2025 жылғы 30 мамыр күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында жас суретші Әлия Әбілованың «Шығармашылық дебют» атты жеке көрмесі ашылды.
Көрменің «Шығармашылық дебют» аталуының себебі, Әлия алғаш рет туған жері Қостанайдағы үлкен көрме алаңында өз жұмыстарын толығымен дербес ұсынып отыр, мұнда тек оның туындылары қойылды.
Әлияның шығармашылығындағы негізгі бағыт–майлы бояумен салынған картиналар жасау. Суретшінің көптеген туындылары тапсырыспен жасалған, оның бұл салада 12 жылдық тәжірибесі бар. Әлия әлеуметтік желілерде өзінің бейнелеу өнеріне арналған арт-блогтарын белсенді түрде дамытуда. Бұл, мысалы: YouTube, Instagram және TikTok. Ол тұрақты түрде тікелей эфирлер жүргізіп, өнер ағындарына қатысады, бұл Әлияның бейнелеу өнеріндегі жетістіктерін кең аудиториямен бөлісуге мүмкіндік береді.
Көрмеге түрлі жанрда маймен орындалған 35 жұмыс ұсынылған.
«Шығармашылық дебют» атты көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.