Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қостанайлық суретшілер мен олардың шәкірттерінің көркемсурет туындыларының көрмесі.

29.08.2025
Қостанайлық суретшілер мен олардың шәкірттерінің көркемсурет туындыларының көрмесі.
2025 жылдың 29 тамызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында Баян Баталова, Ләйлі Әби, Динара Қыпшақбаева, Инабат Жұматаева, Тазагүл Батурина және олардың шәкірттерінің көркемсурет туындыларының «Ұлы дала өрнегі» атты көрмесі ашылды. Шығармашыл шоқжұлдыздар тобында басты орынды осы көрменің белсенді бастамашыларының бірі - атақты қостанайлық суретші-мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Баян Баталова алады. Ләйлі Әби, Динара Қыпшақбаева, Инабат Жұматаева және Тазагүл Байтурина шығармашылық қызметін мектептегі және арнаулы оқу орындарындағы ұстаздық қызметпен ұштастырып жүрген суретшілер қауымының жас буын өкілдері. «Біздің әрқайсымыз - ұстаз да, оқушы да - өз шығармашылығымен жалпы ою-өрнекке жаңа үлгі қосып, қазақстандық өнердің символдық кілемін жасаймыз. Онда тәжірибе мен шабыт, шеберлік пен тың көзқарас, дәстүр мен жаңа идеялар тоғысады. Бұл көрме - көптеген бірегей туындылардан өрілген ортақ туынды, әрбір жұмыстың өзіндік тарихы, өз тыныс бар» дейді көрмеге қатысушылар. «Ұлы дала өрнегі» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.