2026 жылғы 8 шілде күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Мұханбетқали Т.З. «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасындағы «Көненің көзі» айдарына қатысып, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарихы, негізгі қызмет бағыттары және музей қорында сақтаулы құнды тарихи-мәдени мұралар туралы әңгімеледі.
Бағдарлама барысында музей қорындағы бірегей жәдігерлердің тарихи маңызы мен өңірдің мәдени мұрасын сақтау және насихаттау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты таныстырылды.