2025 жылдың 02 шілдесінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Молдашова Дина «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарының бірі, негізі домбыраға тоқталды. Шертпелі аспаптың музей қорында саны жиырмаға жуық, оның алтауы Қостанай өңірінің белгілі тұлғаларының домбырасы. Сонымен қатар филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның құрметті жазушысы
С. Оспановтың қолымен жасаған домбыра кәдесыйы көрсетілді.