Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің 110 жылдығына арналған «Облыс аудандарындағы музей күні» атты мәдени-білім беру көрмелік жобасы

14.10.2025
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің 110 жылдығына арналған «Облыс аудандарындағы музей күні» атты мәдени-білім беру көрмелік жобасы
2025 жылдың 14 қазанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің 110 жылдығына арналған «Облыс аудандарындағы музей күні» атты мәдени-білім беру көрмелік жобасы Алтынсарин ауданында өтті. Жоба барысында тұрғындарының назарына келесі көрмелер ұсынылды: - «Жердің өткендегі тіршілігі» - палентология көрмесі; - «Ежелгі артефактілер» - археологиялық көрме; - «Қазақ халқының тұрмыс заттары» - этнографиялық көрме; - «Шоқан Уалиханов - қазақтың жарық жұлдызы» - көрнекті ғалым, саяхатшы, этнограф, фольклоршы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған фотоқұжаттық жылжымалы көрме; - «Абай-дара тұлға, дана тұлға» - ұлы ақын, ағартушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевқа арналған жылжымалы көрме; - «Есімі халық жадында» - көрнекті саяси және қоғам қайраткері, «Алаш» қозғалысы көсемдерінің бірі, ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай көшпелі көрме; - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Мәңгі жадымызда» - соғыс жылдарындағы түпнұсқа мұралардан тұратын фотоқұжаттар көрмесі; - «Өлке халықтарының мәдениеті мен тұрмысы» - Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған этнографиялық көрме; - «Белгілі қостанайлық суретшілердің туындылары» - музей қоры жиынтығынан көркемсурет көрмесі; - «Алтынсарин ауданында өмірге келген Қазақстанның көрнекті тұлғалары» көрмесі.