2026 жылғы 17 ақпан күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына орай «Облыс аудандарындағы Музей күні» мәдени– ағарту көрмелік жобасы аясында «Музей керуені» атты көшпелі көрмесін Ұзынкөл ауданында өткізді.
Жоба барысында Ұзынкөл ауданы тұрғындарының назарына келесі көрмелер ұсынылды:
- «Жердің өткендегі тіршілігі» - палентология көрмесі (акула тістері, зіл сүйектері);
- «Ежелгі артефактілер» - археологиялық көрме (қыш ыдыстар, тас кезеңі және қола дәуірінің еңбек құралдары);
- «Қазақ халқының тұрмыс заттары» - этнографиялық көрме (қазақ киіз үйінің керек жарақтары);
- «Жыр алыбы – Жамбыл» - Қазақстанның халық ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған фотоқұжаттық көрме;
- «Оқу-ағарту жолындағы ұстаздық ғұмыр» - Ы.Алтынсариннің 185 жылдығына арналған фотоқұжаттық көшпелі көрме;
- «Халық батыры» - 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен Торғай көтерілісінің 110 жылдығына арналған фотоқұжаттық көрме;
- «Қостанай облысының тарихы» - Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған фотоқұжаттық көрме;
- «Өлке халықтарының мәдениеті мен тұрмысы» - этнографиялық көрме (қоныс аударушылардың тұрмыс заттары);
- «Белгілі қостанайлық суретшілердің туындылары» - музей қоры жиынтығынан көркемсурет көрмесі;
- Қасиетті нысан Әулие Николай шіркеуінің макеті. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы, Пресногорьковка ауылы;
- «Ұзынкөл ауданында өмірге келген Қазақстанның көрнекті тұлғалары».