2025 жылы 19 мамырда А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің 110 жылдығына орай «Архив құжаттарындағы музей тарихы» атты музей оқулары өтті.
Атаулы іс-шараға “Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы” ММ-нің архив жұмысы бөлімінің бас маманы Кадырменова Әсемгүл Кенжетайқызы, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жүсіпов Руслан Батырханұлы, Ахмет Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысыТынымбай Айжан қатысып, баяндама оқыды.
Музей оқулары барысында архив құжаттарында жазылған музейдің тарихы, кеңес уақыты кезіндегі облыстық музейдің әлеуметтік-мәдени мәртебесі және қызметі талқыланды.
Сондай-ақ шараға музей қызметкерлері, студенттер мен оқушылар қатысты.