2026 жылғы 26 тамыз күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Мұханбетқали Т.З. «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасындағы «Көненің көзі» айдарына қатысып, музей қорындағы ормалдар мен шәлілер жайлы әңгімеледі.
Бағдарлама барысында аталған бұйымдардың шығу тарихы, қолданылу ерекшеліктері мен қазақ халқының тұрмысындағы маңызы туралы кеңінен айтылды. Көрермендерге ұлттық қолөнер мен дәстүрлі мәдениетіміздің ерекшеліктері таныстырылды. Эфир соңында музей қызметкері көне жәдігерлерді сақтау және кейінгі ұрпаққа жеткізу – баршамызға ортақ міндет екенін жеткізді.