2025 жылғы 25 сәуір күні «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ-нің 110 жылдығына арналған «Облыс аудандарындағы музей күні» мәдени-ағарту көрмелік жобасы аясында Әулиекөл ауданында музей қорынан «Музей керуені» атты көшпелі көрме өтті.
Көрмеге Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Мендекинова Г.Е., басшының орынбасары Алшимова Э.Е., Әулиекөл ауданының Маслихат төрағасы Қойшыбаев Д.С., Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлмира Ошақбайқызы, Әулиекөл ауданының тұрғындары мен оқушылар қатысты.
Әулиекөл ауданы тұрғындарының назарына келесі көрмелер ұсынылды:
- «Жердің өткендегі тіршілігі» - палентология көрмесі);
- «Ежелгі артефактілер» - археологиялық көрме;
- «Қазақ халқының тұрмыс заттары» - этнографиялық көрме;
- «Шоқан Уалиханов - қазақтың жарық жұлдызы» - көрнекті ғалым, саяхатшы, этнограф, фольклоршы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған фотоқұжаттық көшпелі көрме;
- «Абай-дара тұлға» - ұлы ақын, ағартушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай фотоқұжаттар көрмесі;
- «Есімі халық жадында» - көрнекті саяси және қоғам қайраткері, «Алаш» қозғалысы көсемдерінің бірі, ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай көшпелі көрме;
- «Мәңгі жадымызда» - соғыс жылдарындағы түпнұсқа мұралардан тұратын фотоқұжаттар көрмесі;
- «Өлке халықтарының мәдениеті мен тұрмысы» - Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған этнографиялық көрмесі;
- «Белгілі қостанайлық суретшілердің туындылары» - музей қоры жиынтығынан көркемсурет көрмесі;
«Әулиекөл ауданында дүниеге келген Қазақстанның көрнекті тұлғалары» (Кеңес Одағының Батырлары – С.Б. Баймағамбетов, И.Я. Сьянов, В.Г. Нелюбов, С.В. Нечипуренко; Социалистік Еңбек Ері Сейтмағамбет Бегайдаров, Батырқайыр Қасқабасов, И.А. Стрижаченко, Олжабай Когулбаев; ҚР мемлекет және саяси қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Кенжеғали Сағадиев; Ғалым-экономист, экономика ғылымдарының докторы Сағындық Сатыбалдин; Профессор, физика-химияның полимер саласындағы маманы Гранд Каньон, профессор ҚР білім министрі (1987-1993 жж), Шайсұлтан Шаяхметов; Қазақстан мемлекет қайраткері Е.М. Асанбаев; Қостанай уисполкомының төрағасы Әбдібек Иралин; Бурабай ауданының мұғалімі, партия және кеңес қызметкері Нұртаза Иралин; Қазақстанның Халық ақыны, Республикалық және Халықаралық айтыстардың қатысушысы Әсия Беркенова).