2026 жылдың 24 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде қызметкері Танабаева Б.С. Халықаралық нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес күніне орай «Нашақорлық – қоғам дерті» атты музей сабағын өткізді.
№ 19 мектеп оқушыларының алдында Қостанай облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі А.К. Сексенова және облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Г.А. Бисимбаева сөз сөйледі. Кездесу барысында бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – есірткі құмарлықтың таралуының алдын алу, жастар бойында есірткіге деген тұрақты теріс көзқарасты қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру.