Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Музей қызметкерлері ҚР Президенттінің Жолдауын талқылады

03.11.2026
Музей қызметкерлері ҚР Президенттінің Жолдауын талқылады

2026 жылдың 3 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттарын талқылауға арналған кездесу өтті.

Музей қызметкерлері Г.Қ.Рақымжанова мен С.Т.Жаншуақова ұжым мүшелеріне елімізді жаңғыртудың стратегиялық міндеттерін жан-жақты түсіндіріп, олардың маңыздылығына тоқталды. Талқылау барысында инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасына, жасанды интеллектіні экономика саласына енгізуге, әлеуметтік қолдау шараларына, су ресурстарын тиімді басқаруға, сондай-ақ салық реформасына және жаңа Азаматтық кодексті әзірлеуге ерекше назар аударылды.