Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Музей қорындағы қазақ әйелдерінің әшекей бұйымдары

03.06.2026
Музей қорындағы қазақ әйелдерінің әшекей бұйымдары

2026 жылғы 3 маусым күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Мұханбетқали Т.З. «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарына қатысып, музей қорындағы қазақ әйелдерінің әшекей бұйымдары туралы әңгімеледі.

Тікелей эфир барысында көрермендерге қазақ халқының зергерлік өнерінің ерекшеліктері таныстырылып, музей қорындағы сырға, білезік, тұмар және басқа да әшекей бұйымдар көрсетілді. Сондай-ақ аталған бұйымдардың тарихы, маңызы, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрдегі орны туралы мәлімет берілді. Бағдарлама музей қорындағы құнды жәдігерлерді көпшілікке таныстыруға және ұлттық мұраны насихаттауға бағытталды.