Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Назар аударыңыз
  • The was a problem converting the source image.
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: media/k2/galleries/2183

Молдахмет Кенбаев

25.07.2025
Молдахмет Кенбаев
Молдахмет Кенбаев – қазақтың алғашқы кәсіби суретшілерінің бірі, кескіндемеші, педагог, Қазақ КСР-нің халық суретшісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Оның туындылары Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің алтын қорына енді. Ол 1925 жылы 25 шілдеде Қостанай облысында дүниеге келген. Оның көркемсуретке деген дарыны мектепте оқып жүрген кезінен байқалды. Молдахметтің балаң суреттері түрлі көрмелерге қойылып, газеттерде жақсы пікірлерге ие болды. 1948 жылы Кенбаев Алматы театр-көркемсурет училищесін, ал 1956 жылы Мәскеудегі Суриков институтын бітіреді. Бояуды ұғына білу, әсемдік пен серпінділік тәрізді кескіндеме тәсілдері, өмірді қадағалап, көре білуі - суретшіге тән осы қасиеттердің барлығы да оның «Кітап ұстаған қыз» картинасынан көрініс тапты. Картина музейдің қор жиынтығынан алынған. Сымбатты тұлғасының үйлесімі, көйлектің інжудей құлпыруы, кітапқа үңілген жас қыздың нәзік қалпы терең психологизмге толы бейнелеуімен баурап алады.

Галерея изображений

{gallery}2183{/gallery}