Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Менің Отаным – Қазақстан» - көрмесі

10.02.2026
«Менің Отаным – Қазақстан» - көрмесі

2026 жылдың 10 ақпанынан бастап Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай ұйымдастырылған «Менің Отаным – Қазақстан» атты көрмесі жұмыс істейді.

Көрмеде ұлттық киімдер (қазақ, корей, өзбек), сондай-ақ әртүрлі ұлттардың тұрмыстық заттары - сандықтар, кілемдер, ағаш тостағандар, қыш құмыралар, металл құмандар, музыкалық аспаптар, еврей мәдениетінің элементтері, корей кеспесін дайындауға арналған білдегі ұсынылған.

Көрмені шеберлікті және мәдени дәстүрлердің сақталуын көрсететін бейнелеу өнері туындылары мен қолдан жасалған бұйымдар - орыс, украин, беларусь, татар сүлгілері толықтырады.

Көрме 2026 жылғы 10 ақпаннан 1 наурызға дейін жұмыс істейді.