Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Ұлы Жеңіс суретші көзімен»

22.04.2025
2025 жылдың 22 сәуірінде А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор жиынтығындағы кескіндеме және графика жұмыстарынан «Ұлы Жеңіс суретші көзімен» атты көрме ашылды. Көрмеде суретшілер соғыс пен Жеңіс күнінің маңызды сәттерін бейнелеген өнер туындылары ұсынылған. Шығармалар тек тарихи оқиғаларды ғана емес, сонымен бірге соғыс, жеңіс, құрбандық және азаттық қуанышымен байланысты адамзаттың басынан өткен оқиғаларды бейнелейді. Көрмеге суретшілер: К.Каметов, А.Тимофеев, А.Лазыкин, П.Данилов және басқа да шеберлердің жұмыстары қойылған, олардың картиналары бейбітшілікті қорғағандарға құрмет ретінде ғана емес, сонымен қатар бүгінгі таңда бұл бейбітшіліктің біз үшін қаншалықты маңызды екенін еске салады. «Ұлы Жеңіс суретші көзімен» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.