Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Конфессияаралық келісім мен төзімділік» - Қазақстан халқының рухани келісім күніне орай музей сабағы

16.10.2026
«Конфессияаралық келісім мен төзімділік» - Қазақстан халқының рухани келісім күніне орай музей сабағы
2026 жылғы 16 қазанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде Қазақстан халқының рухани келісім күніне орай «Конфессияаралық келісім мен төзімділік» атты музей сабағы өтті. Кездесудің құрметті қонақтары – Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінің бас имамы Сабыржан Есмурзин және Қостанай қаласындағы Константин-Елена кафедралды соборының дін қызметкері, священник Виталий Клеба. Кездесу барысында қонақтар түрлі дін өкілдерінің рухани құндылықтары, өзара құрмет пен бейбіт қатар өмір сүрудің маңызы туралы әңгімеледі. Қатысушылар көпұлтты және көпконфессиялы қоғамдағы төзімділік пен өзара түсіністіктің маңызын талқылады. Іс-шараға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері мен Қостанай қаласындағы № 19 орта мектептің оқушылары қатысты. Музей сабағы аясында екі конфессияның ерекшеліктері мен дәстүрлерін таныстыратын ислам және православие діни мәдениетіне арналған көрме ұйымдастырылды.