2026 жылдың 22 шілдесінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Айсұлу Қабдрахманова «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында музей қорындағы қазақ халқының ұлттық киімдері тарихынан ҚР еңбек сіңірген артисі, Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрының белгілі актрисасы Есенғұлова Шахарбанумның (1946-2021) шапаны, көйлегі мен қамзолы туралы әңгімеледі. Көрермендерге музей қорынан алынған заттар мен фотосурет ұсынылды.