«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 14 маусым күні табиғат және өлкенің экологиясын ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері Андрющенко А.В. Қостанай велоқоғамдастығы қоғамдық бірлестігі құрамында Садчиковка ауылының сыртында орналасқан «Чайковка» бұлағына сапар жасады. Велоқоғамдастықтың еріктілері бұлақ маңы мен Тобыл өзенінің жағасындағы лагерьді қоқыстан тазартып шықты. Велошеру қатысушылары дәл осы жерде түнеп шықты. Бұл жер біз үшін әлі зерттелмеген болатын. Сондықтан дәстүрлі ақпараттық мәліметтермен қатар, табиғи нысандардың фототіркеуі де жүргізілді.