Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Бүгін елдің рухани және мәдени шежіресінің ажырамас бөлігі – Қазақ радиосына 105 жыл!

01.10.2026
Бүгін елдің рухани және мәдени шежіресінің ажырамас бөлігі – Қазақ радиосына 105 жыл!
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Т.З. Мұханбетқали А. Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектептің оқушыларына «Әуе толқынында – Қазақ радиосы» атты жылжымалы фото-құжаттық көрме бойынша дәріс оқып, экскурсия жүргізді. Дәріс пен экскурсия барысында оқушылар Қазақ радиосының тарихымен танысып, белгілі дикторлардың қызметі мен Қазақ радиосының дамуына Қостанай облысында туып-өскен журналистер мен дикторлар жайлыдеректермен танысты. Қазақ радиосының ғасырдан астам уақыт бойы елмен бірге жасаған тағылымды тарихы жалғасын тауып, халыққа қызмет еткен киелі қарашаңырақтың абыройы асқақтай берсін! Барша радио саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне шығармашылық табыс, еңбектеріне толағай жетістік тілейміз! Қазақ радиосының үні әрдайым биіктен естілсін!