10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туған күні.
Осы айтулы күнге орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлеріне арналған «Абай – дара тұлға, дана тұлға» атты фотоқұжаттық жылжымалы көрме ұйымдастырылып, танымдық экскурсия өткізілді.
Көрме барысында келушілерге Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық жолы, қоғамдық-ағартушылық қызметі, ақынның рухани мұрасы мен қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қосқан өлшеусіз үлесі туралы кең көлемде ақпарат берілді.