2026 жылдың 23 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Мұханбетқали Т.З. «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында 85 жылдық тарихы бар «Большевичка тігін фабрикасы жайлы әңгімеледі.
Бағдарлама барысында «Большевичка» тігін фабрикасының тарихы, оның өңірдегі жеңіл өнеркәсіптің дамуына қосқан үлесі және кәсіпорынның өткенінен сыр шертетін музей қорындағы фотоқұжаттар таныстырылды.







