Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

2026 жылғы 12 мамырда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде кезекті ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысы өтті.

12.05.2026
2026 жылғы 12 мамырда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде кезекті ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысы өтті.
Кеңес барысында экспозициялық-көрмелік қамтамасыз ету бөлімінің әдіскері Е.М. Кузьменконың «Баки Урманченің өшпес мұрасы» атты, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген суретшісі Б. Урманченің шығармашылығына арналған музей сабағын бекіту мәселесі қаралды. Отырыс барысында кеңес мүшелері музей сабағының мазмұнына оң баға беріп, оның тарихи-мәдени мұраны насихаттаудағы маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, сабақтың жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттырып, эстетикалық тәрбие берудегі рөлі ерекше екені айтылды. Кеңес қорытындысы бойынша ұсынылған музей сабағын бекіту туралы шешім қабылданды.