Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Святкалық сауық кеші» фольклорлық-этнографиялық мұражай мейрамы

15.01.2016
«Святкалық сауық кеші» фольклорлық-этнографиялық мұражай мейрамы

Святки - қыс мезгіліндегі ежелгі әдет-ғұрыптар сақталған, ең сүйікті де үлкен мейрамдардың бірі. Ол Рождество мейрамы қарсаңында басталып, шоқыну мерекесіне дейін жалғасады. Святкалық әдет-ғұрыптарға бәрі жас шамасына қарамастан қатысады. Дәстүр бойынша мерекелік көңіл-күй сиқырлау салтынан басталып, ән айтылған. Содан кейін әдет бойынша жастар мерекелік кешке жиналады. Святкалық сауық кешіндегі қызықты сайыстар мен ойындар ерекше көңіл-күй сыйлайды. Святканың айрықша ерекшелігі - сиқырлы әдет-ғұрыптар мен бал ашу болып табылады.

15 қаңтарда мұражай қызметкерлері № 11 ОМ оқушыларын «Святкалық сауық кеші» деп аталатын фольклорлық-этнографиялық мерекеге қатысуға шақырды. Оқушылар қызықты бал ашулар мен өзге де ойын-сауықтарға қатысып, өткенге саяхат жасады.