Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Суретші Ю. Новоселовтың атаулы сыйлығын алуға үміткер жас суретші-портретшілердің ІІ облыстық байқауына қатысушылардың жұмыстары көрмесінің ашылуы

15.05.2017
Суретші Ю. Новоселовтың атаулы сыйлығын алуға үміткер жас суретші-портретшілердің ІІ облыстық байқауына қатысушылардың  жұмыстары көрмесінің ашылуы

2017 жылдың 15 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде суретші Ю. Новоселовтың атаулы сыйлығын алуға үміткер жас суретшілердің ІІ облыстық байқауына қатысушылардың жұмыстары көрмесінің ашылуы өтті.

Байқау Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы тапсырмаларды жүзеге асыру шеңберінде Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған.

Атаулы сыйлықты Қостанайдың белгілі суретшісі Юрий Новоселов Қостанай облысының бейнелеу өнерін дамыту, дарынды жас суретшілерді таныту және қолдау, оларды шығармашылыққа ынталандыру мақсатында тағайындаған.

Ю. Новоселовтың атаулы сыйлығына үміткер байқауы «Портрет» жанры бойынша 14 пен 35 жас аралығындағы жас суретшілер арасында өткізіледі. ІІ облыстық байқаудың тақырыбы - «Қазақстанның және Қостанай облысының тарихи тұлғалары мен танымал адамдары».

Қостанай, Рудный, Лисаков, Жітіқара, сондай-ақ Мендіқара, Сарыкөл, Қарабалық, Федоров, Әулиекөл аудандарынан қатысқан 40 жас автор байқауға Қазақстанның даңқты тұлғаларының, ғылым, мәдениет және өнер саласындағы көрнекті қайраткерлердің, соғыс қаһармандары мен еңбек ерлерінің портреттерін ұсынды. Олардың ішінде Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсынов, Әбілхан Қастеев, Әлия Молдағұлова, Кәмшат Дөненбаева, Гүлфайрус Ысмайылова, Батырхан Шүкенов және тағы басқалары бар. Байқау жеңімпаздарына дипломдар және ақшалай сыйлықақы берілді, барлық қатысушылар сертификаттар алды.