Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Достық мекенінде» Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған облыстың этно-мәдени бірлестіктерінің фестивалі

26.04.2019
«Достық мекенінде» Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған облыстың этно-мәдени бірлестіктерінің фестивалі

Еліміздің болашақта гүлденуі үшін мемлекет ішінде тұрақтылық, онда тұрып жатқан халықтардың достастығы мен келісімі болуы қажет. Қазақстан халқының бірлік күні мерекесі қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Достық мекенінде» атты этно-мәдени бірлестіктерінің фестивалін ұйымдастырды. Мерекеге Қазақстан халықтары Ассамблеясының Қостанай облыстық филиалының ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері қатысты.

Қонақтар назарына ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлер: сәндік қолданбалы өнер көрмесі, рәсімдер, ән-билер ұсынылды. Қостанай педагогикалық колледжі студенттерінің шығармашылық тобының музыкалық нөмірлері музей мерекесінің ажарын ашты.

Іс-шараның соңында этно-мәдени бірлестіктің өкілдері және шақырылған қонақтар бірлік рухын көтеру үшін және мерекелік көңіл-күйді қалыптастыру мақсатында «Біз - Қазақстан халқымыз» флешмобына қатысты.