Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Челябі облысының біріккен мемлекеттік мұрағатында өткен Қостанай облыстық музейі қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары

22.10.2019
Челябі облысының біріккен мемлекеттік мұрағатында өткен  Қостанай облыстық музейі қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары

Облыстық музейдің жұмыс жоспары бойынша 14-18 қазан аралығында Челябі облысының біріккен мемлекеттік мұрағатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды. Жұмыс барысында Челябі губерниясының құрамында болған Қостанай уезінің тарихымен байланысты құжаттар, Қостанай ревкомының, милицияның, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің, уездік денсаулық сақтау бөлімінің, аудандық азық-түлік комитетінің, комсомол комитетінің жұмыстары туралы және т.б. құжаттар анықталды.

Сондай-ақ, А. Байтұрсынов, Ә.Байғуриннің қолы қойылған түпнұсқа құжаттар мен уезді Қазақ АКСР-нің құрамына беру туралы өзге де құжаттар анықталды.