Ауа үрлейтін әшекейленген түтікшелер.
Саз, қолдан сомдау, күйдіру.
Б.з.д. ІІ мыңжылдық. Бестамақ қонысы.
Воздуходувные орнаментированные сопла.
Глина, ручная лепка, обжиг.
II тыс. до н.э. Поселение Бестамак
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі
Костанайский областной историко-краеведческий музей
Kostanay regional museum of local lore
Өлкеміздің ежелгі тарихы жоғарғы тас дәуірінен бастап қарастырылады. Осы кезеңнің Желқуар 2 және Саз 8 тұрақтарын алғашқы адамдар 40-45 мың жыл бұрын қалдырған.
Облыс аумағынан табылған Евгеньевка 1 және Дүзбай 6 мезолиттік ескерткіштері шамамен б.з.д. VII мыңжылдыққа жатады. Мезолит дәуірінде геометриялық құралдар: трапециялар, үшбұрыштар, ромбтар кеңінен тараған және олар жебе ұштықтары мен құралдардың құрамдас бөлігі ретінде қолданылған. Шикізат ретінде өзен малтатасы қолданылған.
Неолит б.з.д. VII-ІV мыңжылдықтармен белгіленген мақанжар мәдениетінің ескерткіштерімен көрсетілген. Мақанжар қышы алғаш рет 1978 жылы алынған. Мақанжар атауы Мақанжар көліне байланысты берілген. Бұл жерде ертедегі осы мәдениеттің алғаш табылған тұрағы орналасқан. Тілімшелерден жасалған еңбек құралдары мен бүтін ыдыстардың көрнекі жиынтығы Наурызым қорығындағы Тұзды Көл 2 тұрағынан алынды.
Энеолит дәуірі біздің өлкемізде тірсек мәдениетімен байланысты. Осы ескерткіштерді қалдырған тұрғындар б.з. дейінгі ХХVII ғасырдан ХIХ ғасыр аралығындағы кезеңде көшпелі өмір сүрген. Көшпелі тіршілік кешкендерін экономиканың мал шаруашылық салты, қыш ыдыстардың түбінің дөңгелек болуы, қоныстардың маусымдық сипаты көрсетеді. Торғай ойысының аумағында осы кезеңнің екі ірі Қожай 1 және Құмкешу ескерткіштері зерттелді.
Қола дәуірінде (б.з.дейінгі XX – XIII ғасырлар) өлке аумағында андроновтық мәдени-тарихи қауымдастығының тайпалары мекендеді. Бұл кезең Алексеев мәдени-тарихи кешені, Бестамақ қорымы мен қонысы, Жангелді қорымы, Лисаков және Новоильинов қорғанды қорымдарын көп жылдық зерттеудің нәтижесінде жақсы зерделенген. Ескерткіш аумақтарынан алынған жәдігерлер, тайпалардың мәдениеті мен тұрмысы жөнінде мәлімет береді.
Шамамен б.з.д VIII – VII ғғ. Еуразия даласында, мұның алдындағы кейінгі қола дәуірінің мәдениеті негізінде жаңа мәдени-тарихи қауымдастық пен этностар қалыптасты. Біздің өлкеміздің аумағынан екі ірі сармат және сақ этномәдениет қауымдастығының арасындағы шекара өтеді. Сармат обасының қорымы Наурызым қорығы аумағында, Лисаков қаласының, Әулиекөл және Қостанай аудандарының маңында орналасқан. Сақ жерлеуі сыртқы пішіні бойынша түрліше. Сақтар «мұртты обалар» тұрғызған. Мұндай обалар Жітіқара ауданындағы Тобыл өзенінің оң жағалауынан және Мұқыраят өзенінің оң жағалаудағы бөлігінен белгілі.
Сармат дәуірі біздің дәуіріміздің IV ғасырының соңына дейін жалғасады. Кейінгі сарматтар ғұндармен бір уақытта өмір сүрді, шамасы ерте орта ғасыры қарсаңында Еуразия даласында өрістеген қарқынды оқиғаға қатысқан болуы керек.